Шығыс Қазақстан облысының ЖӨӨ 2 трлн теңгеге жетті

11 Ақпан, 2014 10:05
2013 жылы Шығыс Қазақстан облысының ЖӨӨ 2 трлн теңгеге жетіп, адам басына шаққанда 9,2 мың долларды құрады. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Бесқарағай ауданының тұрғындарымен есептік кездесу аясында мәлім етті.

 

Б.Сапарбаев қосымша аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін: «Шынайы жалақы көлемі бір жұмысшыға 90 мың теңгеге дейін өсті.  Облыс бойынша ең жоғарғы орташа жалақы Риддер, Өскемен және Глубоковск ауданында тіркелді», деп атап өтті.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, өткен жылы ШҚО республикалық бюджетке 183,6 млрд. теңге, жергілікті қазынаға  - 70,2 млрд. теңге әкелген.

«Осы сандардың артында шығысқазақстандық азаматтардың ерен еңбегі, қызмет көрсетудің шынайы сапасын арттыру және халықтың әл-ауқаты тұр. Қазақстанда аймақ даму көрсеткіші бойынша ШҚО көшбасшылар қатарында» - деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетерлік жайт, осы жылдың басты ерекшелігі облыс әкімі халықпен есептік кездесулерін дәстүрлі түрде Өскемен және Семей қалаларында емес,  Бесқарағай ауылы мен моноқала Риддерде өткізуі болды. Облыс әкімдігі түсіндіріп өткендей, Бесқарағай ауылы кездейсоқ таңдалған жоқ. Рейтинг нәтижесі бойынша ол әлеуметтік-экономиқалық дамуы бойынша аймақтағы қалалар мен аудандардың ішінен біріші орынды алды. 

Барлық жаңалықтар