• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазатомпром» ұжымы Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындауға бар күшін салады – В. Коломийцев

«Қазатомпром» ұжымы Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындауға бар күшін салады – В. Коломийцев

11 Ақпан, 2014 09:55
Біздің ұжым Ел үшін барлық күш-қуатын салады, Жолдауда айтылған барлық тапсырмаларды жүзеге асыруға талпынамыз, деді «Қазатаомпром» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Владимир Коломийцев ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына пкір білдірген кезде.

«Мен жыл сайын ҚР Президентінің кезекті Жолдауын тағатсыздана күтемін. Жеке өзім әлеуметтік – экономикалық бағыттарды анықтап қарап, саралап ой түйемін. Жұмыста оларды әріптестеріммен талқылауға тырысып бағамын. Осы Жолдауында Елбасы әлеуметтік саясат бағытын айтты, әсіресе алтыншы тезис: «Біздің жолымыз қазақстандықтарға жаңа мүмкіндік ашу болып табылады. ХХI ғасырдағы дамыған ел – бұл белсенді, білімді азаматтар. Біз ол үшін не істеуіміз қажет?». Одан әрі нақты тапсырмалар бекітілген. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, өмір сүру жағдайын өсіру, жалақы мен шәкіртақының көбеюі жалпы сапалы өмірге байланысты бағыт қойылған», - деді В. Коломийцев.

Оның айтуынша, жаңа талаптармен қоса, үлкен жауапкершілікті «Қазатомпром» АҚ өз мойнына жүктеп отыр. Шарттасылған меморандумдарға байланысты, әкімдіктер арасындағы келісім шарт, компания мен әр түрлі салалардағы қарым-қатынас түрі арқасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру 3 аймаққа бөлінген. Олар: ОҚО (Созақ, Отырар, Бәдібек), Қызылорда облысы (Жаңақорған және Шиелі).

«Аталмыш өңірлерді әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында мамандандырылған «Қазатомпром-Демеу» ЖШС компаниясы қызмет етеді. Оның балансында жақын жерлердегі елді -мекендердің халқы қызметін пайдаланатын әлеуметтік нысандар бар. Нәтижесінде елді-мекендердің халық санына есептелген жұмыскерлері бар медициналық-санитарлық бөлімшелер қызмет етеді, соның ішінде заманауи мектепке дейінгі білім беру орындары, мәдениет үйлері, сауық орталықтары, спорттық кешендер мен өзге де нысандар бар. Жақында ауылдың орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Жергілікті халықты жұмыспен қамту, тұрмысқа қажетті жағдай жасау, Компания кәсіпкерліктеріндегі еңбек қауіпсіздігі, ардагерлерге материалдық көмек көрсету, осы және де өзге мәселелермен кәсіподақтық ұйымдардың қатынасын кеңейтуге қатысты айтарлықтай шаруалар атқарылуда», - дейді В.Коломийцев.

Барлық жаңалықтар