- Басты
- Жаңалықтар
- Ағымдағы жылы Алматыда индустриалды аймақтың алғашқы кәсіпорындары жұмысын бастайды
Ағымдағы жылы Алматыда индустриалды аймақтың алғашқы кәсіпорындары жұмысын бастайды
Оңтүстік астананың әкімдігінен хабарлағандай, меморандумда Алматы қаласы маңын, Алатау шағын ауданындағы индустриалды аймақтың және «ИТП» ӘЭА дамытуға басымдық берілген. Аты аталған жобалардың барлығы инновациялық-индустриалды кластердің бір бөлігі ғана болып қоймай, әлеуметтік саладағы міндеттерді шешу керек. Яғни, олар алдымен еңбек өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындарын ашуға арналады.
«Басты басымдық жаңа жұмыс орнын ашуға берілді. Бүгінде ол біздің басты міндетіміз. Мәселен, Алатау шағын ауданындағы Индустриалды аймақтың арқасында 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, туризм саласын одан әрі дамыту арқылы бұданда жақсы нәтижеге қол жеткізсек деп отырмыз», - деді Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі индустрия министрі Әсет Исекешевқа Индустриалды аймақ жобасына қолдау көрсеткеніне алғысын білдіріп, аталмыш аймақты алғашқы кәсіпорындары ағымдағы жылы жұмысын бастайтынын тілге тиек етті. Ал, инновациялық технологиялар паркі туралы айтатын болсақ, қала басшысы «ИТП» ӘЭА бойынша жұмыстың жақсы жүріп жатқанын және өндіріс ошақтарының 4 есе көбейіп, бөлінген жер телімдерінің 100% игерілгенін баса айтты.
Өз кезегінде министр «ИТП» ӘЭА дамуына алдағы уақытта жоғарғы оқу орындарыда атсалысуы керек, себебі олар мемлекеттің тең құқылы серіктесі болуы тиіс, деп атап өтті.
«Алматының инновациалық-индустриалды кластері өзіне «ИТП» ӘЭА пен қаланың барлық жоғарғы оқу орындарының әлеуетін жатқызады», - деді Әсет Исекешев.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы