- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгроҚаржы» 2014 жылы азық-түлік қауіпсіздігіне 30 млрд теңге жұмсайды – Р. Кемешов
«ҚазАгроҚаржы» 2014 жылы азық-түлік қауіпсіздігіне 30 млрд теңге жұмсайды – Р. Кемешов
«Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін құру керек екенін айтқан болатын. Себебі, әлем бойынша азық-түлік халықты қамту тенденциясы жүруде. Бұл орайда біз шет қалмауымыз керек, себебі ауыл шаруашылығының өнімдері бар, жоғары технологиялар бар сондықтан да бұл бағытта үздіктер қатарында болуымыз қажет», - деді Ринат Кемешов.
Осыған орай бүгін Қазақстанның барлық аймағында көкөніс сақтау қоймалары қолданысқа берілуде, жылыжай кешендері мен Қазақстанның ірі қалаларын азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайы жасалуда.
«Егер назарымызға өткен жылды алатын болсақ, 2013 жылы қолданысқа 72 ірі инвестициялық жоба енген болатын. Оның құны 30 млрд теңге. Аталмыш стратегиялық бағыт сөзсіз өсетін болады, бұл саладағы қаржыландыру да өсетін болады. Ол 30 млрд теңгеден кем болмауы тиіс. Бұл біздің ел үшін өте маңызды, себебі, азық-түлік қауіпсіздігі біздің елде жоғары орынға ие», - деді компанияның ресми өкілі.
Оның айтуынша, бүгін компания ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін қолдауға мүмкіндік алды.
«Барлық бағдарламалар уақытында жүзеге асты. «ҚазАгроҚаржы» орында тұрмайды, ол даму үстінде, біз қаржыландыру жағдайын да жақсартудамыз. Бұл орайда барлық бизнес-үрдістер өтінішті қарауға дейін қысқартылады», - деді Р. Кемешов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады