- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Исекешев: Алматы инновациялық даму орталықтарының біріне айналуы тиіс
Ә. Исекешев: Алматы инновациялық даму орталықтарының біріне айналуы тиіс
Вице-премьер бірқатар өнеркәсіптік өндірістерді аралап, өңірде ҮИИД Бағдарламасын жүзеге асыру және Алматыда инновациялық кластерді қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Сапар Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының қызметімен танысу арқылы басталды. Орталық өткен жылы туберкулезге қарсы жаңа дәрілік құралдың клиникалық сынауларының 3-кезеңін бастады. Сондай-ақ антибиотиктер потенциаторы (АП) жаңа дәрілік құралдың клиникалық сынауларының 1-кезеңін өткізуге дайындықты жүргізді.
Екінші нысан - «Нобел» фармацевтикалық фабрикасы. 2011 жылы Индустрияландыру картасы аясында компания фармацевтикалық өндірісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жаңартты. Өндіріс қуаттылығы 50% артып, өнім түрлері көбейді. Бүгінгі күні зауыт дәрілік құралдың 150-ге тарта түрін шығарады.
Сондай-ақ Әсет Исекешев «Рахат» кондитерлік фабрикасының жұмысымен де танысты. Өткен жылы компанияның басшылығы ауысқаны белгілі. Кәсіпорынды кореялық инвесторлар басқарды. Вице-премьер өндіріс технологиясын көріп, өнімнің, әсіресе шоколадтың жоғарғы сапасын сақтау маңыздылығын атап өтті.
Бүгін Вице-премьер Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне де барды. Бұл оқу орнында жас ғалымдармен кездесіп, ЖОО-ның және Индустрия және жаңа технология министрлігінің ынтымақтастық болашағын талқылады.
Сондай-ақ, инновациялық кластер қосымша жұмыс орындарын беріп, компаниялардың пайдасын молайтуы мүмкін, және инновациялық белсенділіктің өсуіне ықпал етеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру