- Басты
- Жаңалықтар
- Ертең ҚР Үкіметі отырысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланады
Ертең ҚР Үкіметі отырысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланады
«12 наурызға кәсіпкерлік және бизнес ахуалды жақсарту мәселелерін талқылау мақсатында Үкімет басшысының төрағалығымен отырыс өткізу жоспарланған», - деді А.Әбибуллаев.
«Алдағы апта жалпы алғанда әлеуметтік саясат, ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы басты тапсырмаларды одан әрі жүзеге асыру және осы бағыттардағы Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын орындау мақсатында өтеді», - деп атап өтті ОКҚ өкілі.
Ал, бүгін 11 наурызда Премьер-Министр Серік Ахметов Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру мәселелері бойынша мәжіліс өткізеді.
Сонымен қатар, сол күні Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді, оның барысында әлеуметтік-экономикалық даму, зейнетақы жүйесін жетілдіру, жаңа ақша-несие саясаты және жаңа Бюджеттік саясат тұжырымдамасы мәселелері талқыланады.
14 наурызда еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматыға іссапары барысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, нақты сектор нысандарына барып, бизнес орта өкілдерімен кездеседі және қаланы дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өткізеді.
Сонымен қатар, 14 наурызға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстанның өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Батыс Қазақстан облысына іссапары жоспарланған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері