- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі бойынша көпшілік тыңдалым өтті
Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі бойынша көпшілік тыңдалым өтті
«Шарада сөз алған Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина осы бағыттағы көптеген атқарылып жатқан шараларды айта келіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық көмек көрсету секілді бірқатар мәселелердің де бетін ашты», - деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі.
Депутаттың айтуынша, Үкіметте мүгедектер арбасының ыңғайлығы мен сапасы мәселесі көтеріліп жатқанын және әлеуметтік нысандарға еркін кіре алу жағдайының күн тәртібінде тұрғанын айтты.
Мысалыға, Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысандарда арнайы мүгедектер арбасының көтерілетін жері орнатылған, алайда бұл жағдай барлық жерде бірдей қарастырылмаған.
«Сол себепті мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның қызу өміріне еркін араласуына барлық жағдайды жасау жолында еңбек етуіміз керек. Бүгінде мүгедектердің құқын қорғау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заң жобасы тұжырымдамасы дайындалуда. Біз осы тұрғыда сіздердің өз ауыздарыңыздан осы заңға енгізілетін өзгерістер туралы ұсыныстарды естігіміз келеді. Егер біз бірлесіп жұмыс істейтін болсақ барынша ыңғайлы орта қалыптастыра аламыз», - дейді А. Нұркина.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек