- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі көтеріледі деп күтілуде - Т.Дүйсенова
2015 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі көтеріледі деп күтілуде - Т.Дүйсенова
«Біз әр бес жыл сайын азық-түлік қоржыны өзгеру керек деп хабарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда бұл сұрақты Ұлттық тамақтану академиясы қарастырып, олар азық-түлік қоржынын жасап, оны Денсаулық сақтау министрлігіне өткізді. Үкімет қарастырған келешегінен көп үміт күттіретін жоспарлар аясында 2017 жылы үйлесімділік деңгейі мен азық-түлік қоржыны қайта қарастырылады», - деді Т.Дүйсенова.
Сонымен қатар, күнкөріс деңгейі төмен азаматтар табысының 60% азық-түлік өнімдеріне, ал 40% азық-түлік емес тауарға жұмсайды.
«Инфляция мен ең төменгі күн көріс деңгейінің көрсеткіші арасында өсу алшақтығы білінеді. Ұлттық банк инфляцияны 500 тауардан асқанда қарастырса, онда 43 тауар бар. Осыған орай ең төменгі күн көріс деңгейі өседі»,- деп министр мәлім етті.
«Тұрғындардың табысы мен Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, азық-түлік өнімдері нарығында халық көбіне азық-түлік емес тауарларға көбірек қаржы жұмсайды»,- деп Т.Дүйсенова өз ойын толықтырды.
Статистика агентігінің мәліметтері арасындағы арақатынас 55% - 45% құрайды.
«Осыған байланысты, біз азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар арасындағы үйлесімділікті өзгертуді қарастырып жатырмыз. Екінші кезекте Ұлттық тамақтану академиясы жасақтаған және Денсаулық министрлігінің қарауына жіберілген азық-түлік қоржыны бекітілгеннен кейін қаралады»,- деп министр өз ойын толықтырды.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар