• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Тоқаев Иордания мен Катардың елшілерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қ. Тоқаев Иордания мен Катардың елшілерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

10 Ақпан, 2014 16:55
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимиттік Королдігінің елшісі Слайман Арабиат пен Катар Республикасының елшісі Абдулла Әл-Мутаваамен кездесті.

Сенатта хабарлағандай, кездесу барысында екіжақты келісімдер, яғни қазақстандық-иорданиялық, қазақстандық-катарлық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды.

Қ. Тоқаев иорданиялық елшіге ҚР Президентінің атын Амманның бір көшесіне берген үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол жақында Астанаға жұмыс сапарымен келген Эмир Катар  шейхы Хамад әл-Танидің сапарының маңыздылығын атап өтті.

 

 

Барлық жаңалықтар