- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИЖТМ және Алматы қаласының әкімі туризмді дамыту бойынша меморандумға қол койды
ҚР ИЖТМ және Алматы қаласының әкімі туризмді дамыту бойынша меморандумға қол койды
ҚР ИЖТМ туризмді индустрияландыру комитеті хабарлағандай, меморандум аясында қос тарап Алматы қаласының туристік мүмкіндіктерін, яғни, қазақстандық және халықаралық көрмелерде жарнамалық материалдарды жариялауға келісті.
ҚР ИЖТМ және Алматы қаласының әкімдігі ішкі және сырттан келушілер туризмін дамыту, туристік имиджді қалыптастыру және оны жақсарту, туристік азық-түлік өнімдері мен туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру, инвестиция тарту, туризм саласында білікті мамандарды арттыру мен тұрақты туризмді дамыту мақсатында бірлесе жұмыс істейді.
Сонымен қатар, қос тарап Алматы қаласының туризмді дамыту жүйелік жоспарын жүзеге асыруда және туристік саланының дамуын белгілейтін бағдарламалық және координациялық құжаттарды жасауда бірлесе жұмыс істейтін болып келісті.
ҚР ИЖТМ туризмді индустрияландыру комитеті мен Алматы қаласының әкімдігі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында туризмді дамыту бойынша жұмыстар жалғасады.
Шетелдіктерге Алматыда жайлы жағдай жасалуы үшін қала орталығында (әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Райымбек даңғылы мен Розыбакиев даңғылы ортасындағы туристік шаршы) туристік бағдарлау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілмек. Қонаев, Фурманов, Панфилов, Абылай хан, Желтоқсан көшелерінде 105 тотем мен 106 көше белгілері және туристерге ыңғайлы болуы үшін 20 қазық орнатылады. Сонымен қатар, ғимараттарға 650 тақта орнатылады (көше аттары мен үй нөмірлері). Қазіргі таңда Достық даңғылы мен Фурманов және Пушкин көшелерінде аталмыш тақталар орнатылған.
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтың айтуынша, аталмыш шаралар Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің жақында өткен Туризм кеңесінде айтылған тапсырмалары аясында жүргізілуде. Биыл үкіметтік деңгейде Қазақстанның туристік саласын дамыту тұжырымдамасы қабылдануы керек. Қазіргі таңда өңірлерде аталмыш құжат талқыға салынып жатыр.
Айта кету керек, Алматы қаласының қызмет көрсету саласы жалпы өңірлік өндірістің 34 пайызын құрайды. Бүгінде Алматының туристік қызмет нарығында 661 туристік компания жұмыс істейді. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қызмет көрсетілген қонақтардың саны 523,2 мың адамға жеткен. 9 ай ішінде жалпы туристік салада 13 млрд 888 млн теңге көлемінде қызмет көрсетілген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады