Қызылорда облысында жас кәсіпкерлер клубы құрылады

10 Ақпан, 2014 16:10
Қызылорда облысында жас кәсіпкерлер клубы құрылады, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов.

«Қызылордада өңірлік кәсіпкерлер кеңесі төрағасы Асқар махамбетовтың қатысуымен баспасөз конферециясы өтті», - делінген облыс әкімдігі хабарламасында.

Облыстың кәсіпкерлер кеңесі төрағасының айтуынша, өңірде жас кәсіпкерлер клубы құрылатын болады. Оған жаңадан өз кәсібін бастамақ ниеті бар жастар кіретін болады.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында еліміздің индустриялды - инновациялық даму мәселесі талқыланып, ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің қанат жаюы, адам капиталы, ШОБ кедергілердің азайтылуы мен заңнамалық базаның жетілуі мәселелері сөз болды.

Барлық жаңалықтар