Ақмола облысының үш ауруханасында компьютерлік томографтар орнатылды

10 Ақпан, 2014 16:03
Ақмола олысының медициналық мекемелеріне компьютерлік томографтарды сатып алу үшін 1 млрд. теңге бөлінді, деп денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қасымжан Ташметов хабарлады.

«Бүгінде облыстық ауруханадағы компьютерлік томография жұмыс істеуде. Ал, облыстық балалар және онкологиялық ауруханаларда  жаңа құралдар орналастырылуда», - деп Қ. Ташметов хабарлады.

Сонымен қатар, өңірде 2013 жылы бірқатар медициналық жобалар ашылды. Мәселен, Степногор  қалалық ауруханасында инсульттік орталық, Ақмола облыстық балалар ауруханысының жанынан  гепатологиялық орталық, Бурабай ауданында ауданаралық травматология бөлімі және  Чаглинка ауылында онкологиялық науқастарды сауықтыру орталығы ашылды.

Сондай-ақ, Қ. Ташметов аймақта  92 мемлекеттік дәріхана пунктерінің ашық екенін тілге тиек етті.

Целиноград ауданынң Қызылжар, Қаражар ауылдарында жаңадан салынған медициналық пункттер және Атбасар ауданындағы Шу ауылынының су жаңа дәрігерлік амбулаториясы халық игілігіне берілді.  

Жалпы, 2013 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен  304,8 млн. теңге бөлінді.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы Паллиативтік көмек және апалық күтім ауруханасын, Көкшетау қаласында жедел жәрдем ауруханасын және Макинка қаласында  балар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторий ашу жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар