- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы «Қазагроөнім» Иранға 500 тонна қой етін экспорттауды жоспарлауда
2014 жылы «Қазагроөнім» Иранға 500 тонна қой етін экспорттауды жоспарлауда
«Мен «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы тарапынан берілген міндеттемелерге назар аударғым келеді. Бұл бірінші кезекте, азық-түлік қауіпсіздігі. Жыл сайын Президент дәл осы мәселеге баса назар аударады. Бұл не деген сөз? Бұл Қазақстанның тауардың барлық түрі бойынша өзін өзі қамтамасыз етуі. Сонымен қатар одан кейінгі мәселе экспорт саудасы. Қазақстан қазірден бастап өзін экспорттаушы ел ретінде таныстырып, барлық өнім түрлері бойынша қажеттіліктерді қамтамасыз ете алатындай болуы керек», - дейді А.Баққожаев.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мал шаруашылығында ет саласын нығайтуды қолға ала бастады.
«Өздеріңіз де түсінесіздер, соңғы кездері өзге елдерге импорт көлемі артып келеді. Осы жерде айта кеткім келетіні, мемлекет бұдан былай кәсіпкерлерге жағдай жасауды қойып, енді кәсіпкерліктер өздері бәсекеге қабелітті екендіктерін дәлелдеулері керек. Біздің компания, мал шаруашылығы өнімдерін сатып алушы ретінде біздің ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді бәсекеге қабілетті ету туралы мақсат қояды», - дейді А.Баққожаев.
Қазіргі таңда «Қазагроөнім» компаниясы 2014 жылға бірқатар шараларды жоспарлап, соның ішінде мал шаруашылығы өнімін сатып алу көлемін артыруды басты назарда ұстайды.
«Біріншіден, биылғы жылғы жүн сатып алу көлемі 2 мың тоннаға дейін артты. Демек, елімізде қазірде 6-7 мың тонна жүн өндірілуде. Келер жылы, биылғы шикізатты терең өңдеу жұмыстарын өз жоспарына сай орындайтын болсақ, биылғыдан да көп өнім шығара аламыз. Осылайша компания шикізат өнімінің барлық көлемін қамтып алатын болады», - дейді басқарма төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, ол 2014 жылғы бордақылау қораларына қатысты жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда, оның айтуынша, елімізде 12 мың мал басы сиятын 5 бордақылау алаңы бар.
«Бүгінде олар 50 пайыздық қуаттылықпен жұмыс істеуде. Биыл біз алғашқы жоба ретінде Ақмола облысынан 2 бордақылау алаңын қолға алмақпыз. Ол жыл сайын Иранға 5 мың тонна ірі қара, 500 тонна қой етін тасымалдамақ. Сонымен қатар, Ресейге тасымалданатын өнімді де ақсатпайтын боламыз», - дейді А.Баққожаев.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы