- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемдік деңгейдегі әр колледжде бір уақытта 3 мыңнан 5 мыңға дейін студент білім алады - Қ.Бөрібеков
Әлемдік деңгейдегі әр колледжде бір уақытта 3 мыңнан 5 мыңға дейін студент білім алады - Қ.Бөрібеков
«Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде екінші жыл қатарынан әлемдік деңгейдегі колледждерді ашу бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оқу орнының тұжырымдамалық-теориялық стратегиялық негізі жасалды, қомақты қаржы бөлінді. Осы жылы мұндай колледждердің құрылысы Астана және Алматы қалаларында басталады. Жалпы, осындай бағдарлама бойынша жұмыс істейтін 8 колледж қарастырылған, оның ішінде аймақтарда жұмыс істейтін әріптес колддеждерде кіреді. Бұл өз кезегінде ол жақта құрылыс жүргізбеуге мүмкіндік береді. Аталмыш оқу орындарының қатарына аймақ аралық мұнайгаз орталықтары, энергетикалық, машинақұрылысы секторы, сонымен қатар, Шымкенттегі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу секторы кіреді»,- деп Қ. Бөрібеков хабарлады.
Сонынмен қатар, мұндай оқу орталықтары бүгінде Атырау қаласында жемісті жұмыс істеп жатыр. Орталықтың 300-ге жуық студенті екі жыл қатарынан ағылшын тілінде білім алуда.
«Жалпы, әлемдік деңгейдегі әр колледж бір уақытта 3 мыңнан 5 мыңға дейін студенттерді оқыта алады. Колледж ғимраты барлық инфрақұрылым жүргізілген күрделі кешен болады. Мәселен, Астана қаласындағы колледж 22 га жерді алып жатса, онда 16 нысан бой көтереді», - деп департамент директоры ағынан жарылды.
Колледждің стратегиялық әріптесі ретінде мұнай газ саласы бойынша мамандар даярлаудан көшбасшы Канаданың Оңтүстік Альберта университеті сынды бірқатар шетелдік сарапшылар белгіленді.
Ал, Астана мен Алматы қаласында колледждердің құрылысын жүргізу барысында стратегиялық әріптес ретінде Германияның халықаралық техникалық коғамы белгіленді.
Айта кетерлік жайт, әлемдік деңгейдегі колледждерде бөлек салалар бойынша кәсіби мектептер жұмыс істейтін болады.
«Басты мақсат, әбден тексерістен өткен әлемдік деңгейдегі колледждердің тәжірибесін өзге оқу орындарына, кейіннен бүкіл білім беру жүйесіне енгізілетін болады. Бұл жүйе құрылысы қарастырылмаған әр аймақтағы әріптес колледждер арқылы жүзеге асырылады»,- деп Қ. Бөрібеков өз ойын түйді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі