• Басты
  • Жаңалықтар
  • Түркияның жалпыұлттық «Ватан» газетінде ҚР Президентінің Жолдауы жарияланды

Түркияның жалпыұлттық «Ватан» газетінде ҚР Президентінің Жолдауы жарияланды

10 Ақпан, 2014 13:06
«Ватан» жалпыұлттық газетінің 4 нөмірінде ҚР Президентінің Жолдауы түрік тілінде жарияланды. Бұл туралы Түркиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолдауға алғысөз ретінде «Ватан» газетінің репортері Кемаль Саллы Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуіне тілектестігін білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстанның қалыптасуы барысында, яғни тәуелсіздікке ие болғаннан кейін аз уақыт аралығында әлемдік жоғары деңгейге шықты. Сондай-ақ, бәсекелестікке қабілетті елге айналды.

«Жолдауда 22 жыл Қазақстанның тәуелсіздігі ішінде көптеген жетістікке ие болған ел ұлты үшін емес, барлық елдер үшін үлгі алатын құжат», - деді К. Саллы.

Айта кетейік, Қазақстанды автор бірнеше рет тамашалады.

Жарияланымдар мен пікірлерде оқырмандар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында Қазақстанның жарқын болашағын бейнелеп берген, онда қоғамның  сыртқы және ішкі факторының дамуы қарастырлыған.

Сондай-ақ, «Ватан» жалпыұлттық газеті күн сайын 200 мың данамен жарыққа шығады. 

Барлық жаңалықтар