ҚР ҚК кәсіптік әскерін дайындауда АҚШ –тың үлгісі пайдаланылады - ҚМ

10 Ақпан, 2014 12:44
ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев пен АҚШ Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Майкл Дюмонттың екі ел қорғаныс ведомстволарының арасындағы Казақстан-Америка консултациялары шеңберіндегі кездесуі болды.

Казақстан-Американдық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы бес жылдық жоспарға сәйкес жұмыс жалғасуда.

 «Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық операцияларға қатысу үшін даярлау саласындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Қазақстан таяу арада Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларының біріне әскери бақылаушылар мен бір бөлімше жіберуді жоспарлап отыр. Бітімгершілік бөлімшесінің берік іргетасының қалануында біздің америкалық әріптестеріміздің елеулі үлесі бар», - деп генерал-майор Мүслім Алтынбаев атап өтті.

 Ол сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштері кәсіби негізге көшу барысында келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың америкалық үлгісін пайдалануға әзір екеніне тоқталды.

«2014 жылы Қазақстанның қорғаныс ведомствосы АҚШ-қа төрт қазақстандықты «Вест-Пойнт» Құрлық әскерлерінің әскери академиясына, Әскери-теңіз күштерінің академиясына, АҚШ Жағалау күзеті академиясына оқуға жібереді. Бұдан басқа әскери-техникалық саладағы қарым-қатынасты дамыту қазақстан-американ өзара іс-қимылының маңызды құраушысы болып табылады», - деді ведомствода.

Қазақстан Қарулы Күштерін жаңғырту шеңберінде қорғаныс саласын қаржыландыру ұлғайып келеді.

Екіжақты консультациялар қорытындысы бойынша Майкл Дюмон қазақстандық әріптестеріне Қазақстан мен АҚШ арасында әскери ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар