- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақының көлемі 25%-ға өседі - Т.Дүйсенова
ҚР-да 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақының көлемі 25%-ға өседі - Т.Дүйсенова
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау жаңа деңгейге көтерілуде. Елбасының тапсырмасы аясында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақының көлемі 25%-ға көтеріледі. Бүгінде мүгедектердің құқығын қорғау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясымен бірлесе жоба бойынша бірқатар іс-шаралар белгіленді. Оған «кедергісіз орта» қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, осы санаттағы адамдарға қолдау көрсету үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, кембағал жандарға оң көзбен қарау үрдісін қалыптастыру үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу кіргізілген», - деді Т.Дүйсенова.
Оның айтуынша, жарым жандарды сауықтыру барысында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің маңызы зор.
«Аталмыш жүйені қалыптастыру барысында 2009 жылы кепілдендірілген әлеуметтік қызмет түрлері бекітіліп, жеке қажеттілікті анықтайтын механизм мен әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсынатын стандарттар берілді», - деп ЕХӘҚМ басшысы өз ойын толықтырды.
Т.Дүйсенованың хабарлауынша, Қазақстанда осы жұмыстардың аясында жұмыс істеп жатқан медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмыс істеуінің баламалы формасы құрылды. Осының арқасында оларда 3 мың емделушіге арналған 42 күндізгі бөлім ашылды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді