- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың еңбекақысын төлеудің жаңа моделі енгізіледі – Т.Дүйсенова
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың еңбекақысын төлеудің жаңа моделі енгізіледі – Т.Дүйсенова
«Мемлекет басшысының еңбек қатынасы саласындағы басты тапсырмаларының бірі азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделіне өту болып табылады. Ол үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезең 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа моделді енгізу. Оның негізі азаматтардың еңбекақысын оның біліміне, біліктілігіне, жұмысының қиындығы мен жауапкершілік деңгейіне қарай белгілеу», - дейді министр.
Оның айтуынша, жоғарыда айтылған талаптар бойынша жұмысшылар төрт лауазымға жіктелмек. Олар - басқарушы, негізгі, әкімшілік-шаруашылық және техникалық персонал.
Жаңа моделге өтуге сай, еңбекақы көлемінің өсімі сараланған түрде бекітіледі. Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілгендей, денсаулық сақтау қызметкерлерінің айлық жалақысы -28%, білім беру- 29%, әлеуметтік көмек саласы қызметкерлерінің еңбекақысы -40% көбеймек.
"Мұндай моделге өту еңбекақының маңыздылығын арттырып, оның көлемін нақты нәтижелермен айқындауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ ол адамның кәсіби жағынан өсіп, еңбек жолының ашылуына өз септігін тигізеді", - дейді министр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады