• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕХӘҚМ 2015-2017 жылдары қажет болатын мамандар болжамын жасауға кірісті - Т.Дүйсенова

ЕХӘҚМ 2015-2017 жылдары қажет болатын мамандар болжамын жасауға кірісті - Т.Дүйсенова

10 Ақпан, 2014 11:35
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015-2017 жылдары қажет болатын мамандар болжамын жасауға кірісті. Бұл туралы ҚР ЕХӘҚМ алқа отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Еңбек ресурстарының сапасы бойынша жұмысты біз 2015-2017 жылдары қажет болатын мамандар болжамын жасаудан бастадық. Ол ЖІӨ болжамды өсу көрсеткішін, еліміздің экономикасындағы өзгерістер мен аймақтық жұмыспен қамту картасын есепке ала отырып жасалады.   Сонымен қатар, бұл болжамда ҮИИД МБ жобалары мен аймақтық салалық бағдарламалар бойынша қажетті мамандар тізіміде көрініс табады. Сауалнама жүргізу арқылы жұмыс берушілердің сала бойынша кадр тапсырысы ескеріледі», - деді  Т.Дүйсенова.

Ведомство басшысы атап өткендей, сұранысты қанағаттандыру үшін тапшы мамандарды даярлау керек.

Сонымен қатар, министрлік осы жылы мамандардың біліктілігі мен қызмет дағдаларын және іскерлігін бағалау үшін кәсіби стандарттарды жасақтауда. 

«Қазіргі таңда әлеуметтік серіктестердің қатысуымен 257 кәсіби стандарттар жасалды. Индустриалды-инновациалық дамудың екінші бесжылдығы аяқталғанша кәсіби стандарттар барлық негізгі салаларға енгізіледі. Кәсіби стандарттар негізінде білім саласы да қайта жаңғырады», - деп министр өз ойын толықтырды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы біліктендіру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар басталады, яғни жаңа сабақ классификаторы жасалады.  Ол өз кезегінде болашақта қолданыстағы БЖ  мен БТБА алмастыратын болады.

«Онда заманауи және болашақта қажет болатын мамандықтар тізімі көрсетіледі», - деді сөз соңында  Т.Дүйсенова.

Барлық жаңалықтар