- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Елбасы Жолдауын Шығыс Қазақстан облысында түсіндіруде
Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Елбасы Жолдауын Шығыс Қазақстан облысында түсіндіруде
«Семей қаласында Салидат Қайырбекова қалалық №2 және №3 емханаларға барып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету жайымен танысты. Медициналық қызметкерлермен әңгіме барысында Жолдауда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға басымдық берілгенін атап көрсетті. Осы орайда бастапқы буында қандай жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылатынын баяндады», - деп ведомствода хабарлады.
Министр сондай-ақ, Семейде Өңірлік онкологиялық диспансерге ат басын бұрып, радиологиялық кластерді пайдалануға беру барысымен танысты.
Жекеменшік «IN-VITRA» медициналық мекемеге барған кезінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.
Өңірдің медициналық қоғамдастығымен кездесуде Салидат Қайырбекова халық денсаулығын сақтау саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар, салаға бағытталған қаражат, оны тиімді және ашық пайдалану турасында әңгімеледі.
Осы орайда ҚР ДСМ Медициналық және фармацетивкалық қызметті қадағалау комитеті тарапынан халыққа ұсынылатын қызмет сапасына бақылау күшейтілетінін алға тартты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді