- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін қашықтықтан оқытудың жаңа инновациялық жобасы іске қосылды
ҚР-да «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін қашықтықтан оқытудың жаңа инновациялық жобасы іске қосылды
Академияда хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2014 жылы алғаш рет «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін онлайн-қашықтықтан оқыту» инновациялық жобасы өз жұмысын бастады.
Тынымсыз дайындық жұмыстары кезінде Академияда шет елдердің жетекші ғылыми орталықтарының инновациялық технологияларына негізделген, «А» корпусын оқыту үшін іргелі, іс-тәжірибеге негізделген онлайн-қашықтықтан модульдері құрастырылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өзінің қазіргі коммуникациялық жабдықтарын пайдалана отырып, «А» корпусының басқарушыларына Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеу; мемлекеттік органдардағы кадрлар менеджменті; басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен қабылдау пәндерін зерделеу бойынша инновациялық білім технологиялары саласына енуге мүмкіндік береді.
Оқудың соңғы кезеңінде Академияның профессор-оқытушылар құрамы курстың тыңдаушылары үшін басшының жеке тиімділігі бойынша бірқатар тренингтер, атап айтқанда Академияның психолог оқытушыларының басшылығымен «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің құзыреттігін дамыту үшін коуч-тренингтер ұйымдастырып, өткізетін болады.
Нәтижесінде, Академия «А» корпусы үшін олардың кәсіби, басқарушылық және тұлғалық құзыреттерін тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін білімді қалыптастыру мақсатында жағымды жағдайлар туғызады.
Оқыту процесінде практикалық құрамдас бөлігі оқитындар үшін кейстер дайындау түрінде айқындалатын болады. Кейстермен жұмыс «А» корпусына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге командамен жұмыс істеу, тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау, ақпарат көздерімен және қатаң уақыт шеңберінде жұмыс істей білу дағдыларын көрсетуіне мүмкіндік береді.
Курсты ойдағыдай игерген мемлекеттік қызметшілерге қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат беріледі.
2014 жылы барлығы «А» корпусына алғаш тағайындалған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 5 қайта даярлау курсын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді