• Басты
  • ҚР-да ТжКБ түлектерінің 70% тәжірибеден өткен жеріне жұмысқа орналасты - Қ.Бөрібеков

ҚР-да ТжКБ түлектерінің 70% тәжірибеден өткен жеріне жұмысқа орналасты - Қ.Бөрібеков

10 Ақпан, 2014 10:00
Қазақстанда техникалық және кәсіби білім саласында білім алған ТжКБ-нің түлектерінің 70% тәжірибеден өткен жеріне жұмысқа орналастырылған. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ҚР БҒМ техникалық және кәсіби білім демартаментінің директоры Қадырбек Бөрібеков ағынан жарылды.

«Біз үшін бастысы, студенттің өндірісті көріп, өзінің мамандығы бойынша жұмыс істеуі болып табылады. Дуалды білім беру екі жақты жауапкершілікті, яғни мемлекетпен бизнестің жауапкершілігін қарастырады. Содан кейін, өзге қатысушылар - оқу орны мен студент тартылады. Келісім шартқа отырған кәсіпорын болашақта өзінде тәжірибеден өткен студентті жұмысқа орналастыруға міндетті», - деді Қ. Бөрібеков.

Оның айтуынша, Германияда мұндай келісім шарт болған жағдайда түлектердің 40-45% жұмысқа орналасады.

«Техникалық мамандықтар бойынша біздің бітірушілеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары - 70% құрап отыр», - деп департамент  директоры баса айтты.

Сонымен қатар ол, бұл салада бітірушілердің қызығушылығы орасан зор роль атқаруда, деп атап өтті.

Жалпы, елімізде сырттай оқитын білімгерлерді қосқанда 561 студент бар 849 колледж жұмыс істеуде.

«Егер, колледжде оқитын білімгерлерді қарастыратын болсақ, олардың басым бөлігі гуманитарлық саланы таңдайды. Мұның басты себебі, гуманитарлық мамандық бойынша білім алу техникалық мамандықпен салыстырғанда бірнеше есе арзан. Ал, техникалық сала бойынша оқитындардың дені мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Техникалық мамандық бойынша байқау жарияланады. Негізі бір мамандыққа 6-7 білімгер таласады», - деп Қ. Бөрібеков түсіндіріп өтті.

 

 

 

Барлық жаңалықтар