- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ҚР БҒМ үш сала бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерін бағалаудың сертификациялық орталығын ашады – Қ.Бөрібеков
2014 жылы ҚР БҒМ үш сала бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерін бағалаудың сертификациялық орталығын ашады – Қ.Бөрібеков
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне ҚР-да дуалды білім беру жүйесін дамытуды тапсырды, соның ішінде жұмыс беруілермен бірлесіп сертификациядан өткен түлектер санын 25% арттыру міндеттелді.
«2011 жылы Еңбек кодексіне Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесін құру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.Аталмыш заңнамалық базаға сай, ұлттық біліктілік аясында дайындалған ұлттық біліктілік жүйесінің құқықтық базасы құрылды. Аталмыш кезеңді аяқтайтын жүйе біліктілігін растайтын маманның сертификациясы болып табылады», - дейді Қ.Бөрібеков.
Осыған орай, оның айтуынша, тәуелсіз сертификациялау орталықтары құрылды.
Сонымен қатар, елімізде бұндай орталықтар бұрын-соңды болмаған. Заңнамалық базаның жоқтығы аталмыш ұйымдардың пайда болуын шектеді.
«Өткен жылы алғаш рет тәжірибе ретінде үш сала бойынша осындай орталықтар құрылды. Олар атап айтар болсақ, энергетика, тау-кен өндірісі мен туристік сала. Алайда бұлар студенттердің тек 0,5%-ны ғана қамти алды»,- дейді департамент директоры.
Енді министр техникалық және кәсіптік білім беруде дуалды білім беру жүйесін дамытуды тапсырып, соның ішінде жұмыс беруілермен бірлесіп сертификациядан өткен түлектер санын 25% арттыру міндеттеді.
«Биылдан бастап қосымша тағы үш сала бойынша сертификациялау орталықтары құрылады. Олар машинақұрылысы, ауыл шаруашылығы мамандығы мен мұнай-газ саласы бойынша қызмет етеді», - дейді Білім және ғылым министрлігінің өкілі.
Департамент директорының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар барлық 14 сала бойыша атқарылуы керек.
Айта кетейік, сертификациялау орталықтары ұйымдардан, білім беру мекемелерінен тәуелсіз түрде жұмыс істеп, акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру