- Басты
- Біз «Мәңгілік ел» мақсатына жету үшін алға ұмтылуымыз керек – М. Оразалиев
Біз «Мәңгілік ел» мақсатына жету үшін алға ұмтылуымыз керек – М. Оразалиев

«Әрбір мемлекет біртұтас тәуелсіз ел болып қалыптасу жолында көптеген кедергіге кездеседі. Ол экономикалық және әлеуметтік тұрғыда болуы мүмкін. Экономиканың тұрақталуы, инфрақұрылымның дамуы, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау мен білім беру бұл жас елдерге қойылған тапсырмалардың бірі ғана. Бұл орайда елдің стратегиялық жоспарлануы ел дамуында үлкен мәнге ие», - деді М. Оразалиев.
Оның айтуынша, тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап, ҚР Президенті Н. Назарбаев халқын болашаққа жетелеп, ұлттың басында келе жатыр.
«Бүгінде Қазақстан - қалыптасқан жаңа мемлекет, оның ұсыныстары мен жетістіктері әлемдік қауымдастықпен қабылданатын және мойындалатын геосаяси маңазы бар ел. Ал, ең бастысы біздің еліміздің даму әлеуеті мен мүкіндіктері жоғары. Сонымен қатар, дамудың жаңа саяси бағыты Мемлекет басшысының сарабдал саясатының дұрыстығын, оның мықты стратегия және болашақты болжай алатын көрегендігін білдіреді», - деп М. Оразалиев баса айтты.
Мадияр Оразалиев айтып өткендей, Елбасының халыққа Жолдауының негізі «Мәңгілік ел» патриоттық актін жасауға бағытталған.
«Президентің халыққа Жолдауының басты идеясы ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікті алғаннан кейін, барлығымыздың бірігіп бір атаның баласындай алға қарай ұмтылу, барлығымызға ортақ «Мәңгілік ел» мақсатына жету. Бүгінде, біз Академияның магистранттары мемлекеттік басқаруды жаңалау, экономикалық саясат, бюджетті жоспарлау сынды салалары бойынша жан-жақты білім алудамыз. Ал, осы білімімізді біз болашақта жұмыс істейтін орнымызда Елбасының әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу тапсырмасын жүзеге асыруда қолдануымыз керек», - деді сөз соңында М. Оразалиев.
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы

