ШҚО –да кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ХҚКО ашылды

9 Ақпан, 2014 16:15
Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ХҚКО ашылды.

«ШҚО кәсіпкерлері үшін құжаттарды жинастыру және рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған орталық, облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетеді»-делінген хабарламада.

«ХҚКО» АММ директоры Руслан Актаевтың сөзіне қарағанда қызмет көрсету орталығы аймақтағы кәсіпкерлер үшін тимді болмақ.

«Біздің орталық үшін Электрондық үкіметтің дәріптелуі маңызды, ал КҚКО-ның қызметіне жүгінген кәсіпкерлер үшін, біздегі «бір терезе» қағидасы бойынша өздеріне қажетті мәліметті және анықтаманы бір жерден алу өте ыңғайлы», -деді ол.

 

 

 
 

Барлық жаңалықтар