Мәжіліс депутаты С. Үмбетов Алматы облысының кәсіпорындарын аралады

9 Ақпан, 2014 14:33
Жолдауды насихаттау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.

«Халық қалаулысы бастаған топ алдымен «Green House-Зеленый дом» ЖШС-не ат басын тіреді» -деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Айта кетейік, Green House-Зеленый дом» ЖШС-гі – өңірде жүзеге асырылған айтулы жобаның бірі. Заманауи талаптарға сай жылыжай 2003 жылы салынған. Ауданы 5,6 гектарды құрайтын жылыжайдың өнімділігі де жыл сайын артуда. Қазіргі таңда мұнда 65 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, айына 55230 теңге көлемінде жалақы төленеді.

Бұдан кейін халық қалаулысы бастаған топ қаладағы тағы бір кәсіпорын «Казцинк-ТЭК» ЖШС-не барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, жұмысымен етене танысып, ұжымымен кездесті.

Бұдан кейін Серік Әбікенұлы «Текелі Моноқала» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен «Металлург» клубына да барды. Халық қалаулысының кеншілер қаласынан кейінгі жұмыс сапары Ескелді және Іле аудандарында жалғасын табады.

Барлық жаңалықтар