- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 2014 жылы 215 нысан салу жоспарланған
Алматы облысында 2014 жылы 215 нысан салу жоспарланған
«Осы жылғы құрылыс басқармасының бюджет көлемі 57,241 млрд. теңгені құраса, оның 36,3 млрд. теңгесі республикалық, 20,9 млрд.-ы жергілікті бюджеттен қарастырылған»,- деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Бөлінген қаржы есебінен 215 нысанның құрылысын жүргізу көзделсе, биыл соның 179-ы халық игілігіне берілмек. Қалған 36-ы келесі жылдың еншісіне қалуда.
Жалпы әрбір нысанның құрылыс жұмыстары үшін Үкімет тарапынан да қомақты қаржы қарастырылған. Осы тұста 50 білім нысанының құрылысы мен сейсмикалық нығайту істеріне республикалық және жергілікті бюджет есебінен 18 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінген.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылы аталған сала бойынша 41 нысанның құрылысы мен сейсмикалық нығайту жұмыстарына 10216 млн. теңге бөлінген. Оның 39-ы биыл іске қосылса, 2-еуі алдағы жылға өтпелі.
Үстіміздегі жылы барлығы 750,8 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланса, бұл үшін биыл 4,4 млрд. теңге қарастырылған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр