• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық кеңес – бұл қажеттілік

Н. Назарбаев: Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық кеңес – бұл қажеттілік

8 Ақпан, 2014 22:00
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық кеңес – бұл қажеттілік, деді ҚР Президенті Н. Назарбаев.

«Біз Еуразиялық экономикалық форум туралы сарапшылар мен әр түрлі интерпритацияларды естиміз. Меніңше, біз бүгінгі күні оның саяси ұйым емес, экономикалық серіктестік екенін ұғынуымыз қажет. Ол біз сынды көршілес елдер үшін ауадай қажет, Қазақстан үшін ол өте маңызды», - деді Н. Назарбаев дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуде.
 

Оның айтуынша, осы жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері арасында Еуразиялық экономикалық кеңес туралы келісім шарт орнату жоспарланып отыр. Бірқатар өзге елдер де бұл үрдіске қатысу ниетін білдіріп отыр.

«Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге дайындық барысында біз  елдегі дәстүрлі тауар мен экономиканы ынтымақтастық жүргізетін бизнес түрлерін қарастыруымз керек. Сондықтан да, сын мен сенімсіздікке үлкен түсінушілікпен қарау керек деп есептеймін»,-деді Мемлекет басшысы.

 «Біздің көрсеткіш бойынша, 2030 жылға дейін бұл интеграция үш елге беріледі, онда ЖІӨ құны 25% және 600 млрд доллардан көтеріледі. Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушылар әлемнен тыс қалмай, барлық серіктестерімен белсенді араласатын болады»,- деді Президент.

Н. Назарбаев сонымен қатар, Ресей Президентінің Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуропалық кеңестің арасындағы кең сауда жүргізу идеясын қолдайтындығын айтты. 

Барлық жаңалықтар