• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаевтың Жолдауы нық тапсырмалар мен мақсаттарға негізделген – М. Бекбосынова

Н. Назарбаевтың Жолдауы нық тапсырмалар мен мақсаттарға негізделген – М. Бекбосынова

8 Ақпан, 2014 19:58
Н. Назарбаевтың қаратылып айтылған сөзі нық тапсырмалар мен мақсаттарға негізделген. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Әйелдер ісі мен отбасылық- демографиялық ұлттық комиссиясының төрағасы Махаббат Бекбосынова хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы  Президент Жолдауында нық тапсырмалар мен мақсаттар қойылған. Олардың барлығы жүзеге асуы тиіс. Қазақстанның әрбір азаматы өзін бақытты сезінуі тиіс. Бұл әсіресе балалар мен әйелдерге тікелей байланысты. Егер әрбір отбасы баршылықта өмір сүретін болса, бұл мемлекеттің гулденуінің көрсеткіші»,- деді М. Бекбосынова.

Айта кетейік, 2014 жылдың 17 қаңтары күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын құру бастамасын айтқан болатын.

Өз Жолауында Президент білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау  саласының қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін қайта қарауды ұсынған болатын.

Осыған орай, ол Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметкерлердің еңбегін бағалаудың жаңа пішінін дайындауды жүктеді.

«Ол денсаулық сақтау саласының жалақысын  - 28 пайызға, білім беру –  29 пайызға, әлеуметтік қорғау– 40 пайызға көтеруді қамтамасыз ету керек», - деді Н.Назарбаев.

Барлық жаңалықтар