• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы қазақстандықтар үшін ұлттық идеяның формуласын баяндады – Ә. Масалимова

Елбасы қазақстандықтар үшін ұлттық идеяның формуласын баяндады – Ә. Масалимова

8 Ақпан, 2014 19:48
Ел Президенті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының формуласын баяндады. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУ «Философия және психология» факультетінің деканы Әлия Масалимова мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының формуласын баяндады. Гуманитарлық ғылым саласында біз бұл тақырыпты ұзақ талқыладық. Міне, Президентіміз көптен күткен формуланы жариялады. Ұлттық идея біздің тұрақтылығымызды, тарихи қойнауымызды, ұрпағымыздың өсіп жетілуінің жолын баяндайды. Бұл қазіргі мен ертеңгінің байланысы»,-деді Ә. Масалимова.

Айта кетейік, 2014 жылдың 17 қаңтары күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын құру бастамасын айтқан болатын.

«Мәңгілік ел» - бұл жалпықазақстандық еліміздің ұлттық идеясы. Аталарымыздың арманы. 22 жыл ішінде егеменді еліміздің басты құндылықтары мен елдің іргетасы қаланды. Бұл басқа теориялардан емес, қазақстандық жолдың, тағдыр тәлкегіне шыдап берген асқақ рухының негізі»,-деді Н. Назарбаев өз Жолдауында. 

Барлық жаңалықтар