• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы отбасының абыройын арттыратын бірқатар шара өткізеді – М. Бекбосынова

ҚР-ның әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы отбасының абыройын арттыратын бірқатар шара өткізеді – М. Бекбосынова

8 Ақпан, 2014 16:18
ҚР-ның әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы отбасының абыройын арттыратын бірқатар шаралар өткізеді.Бұл туралы бүгін Астанада өткен «ОТБАСЫМ» ұлттық құндылықтар орталығының таныстырылымында Әйелдер мен отбасылық –демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның төрағасы Махабббат Бекбосынова айтты.

«Абыройлы, тұрақты отбасын құру Елбасы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлшегі болып есептеледі. Өз кезегінде, ұлттық комиссияға аталмыш саясатты жүзеге асыру тапсырылды. ҚР Президентінің қолдауымен отбасы күнінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы ұйымдастырылды. Бұл біздің қоғамда отбасы ұғымы үлкен мәнге ие екендігін көрсетеді»,-деді М. Бекбосынова.  

Сондай-ақ, М. Бекбосынова Мемлекет басшысының әйелдерге айтқан сөзін есіне алды: «Сіздер отбасының тірегісіздер, демек мемлекеттің тірегі. Біздің мемлекетеміз болашақта қандай ел болатыны, тікелей балалардың тәрбиесімен байланысты»,-деді Елбасы өз Жолдауында.

Оның айтуынша, отбасының тұрақтылығы ұлттық комиссияның негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі.

«Ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Президенті жанындағы «Отбасым» орталығы  отбасның тұрақтылығы мен абыройын көтеретін бірқатар шара өткізеді. Ол ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әке, бала және ананың  орындарын ажыратады. Жақсылық, махаббат, ынтымақтастық,  бар отбасында негіз мықты болып, біздің кұшімізге айналады»,- деді М. Бекбосынова. 

Барлық жаңалықтар