• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада наурыз айында шетелдік жеке және заңды тұлғаларды тіркеудің ақпараттық жүйесі іске қосылады

Астанада наурыз айында шетелдік жеке және заңды тұлғаларды тіркеудің ақпараттық жүйесі іске қосылады

8 Ақпан, 2014 11:25
ҚР Үкіметі жанындағы Туризм кеңесі отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Астанада шет елдік жеке және заңды тұлғаларды тіркеудің ақпараттық жүйесінің сынақ нұсқасын шығаруды тапсырды.

«Ә.Исекешев Ішкі істер министрлігіне Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп наурыз айында Астанада шетелдік жеке және заңды тұлғаларды тіркеудің ақпараттық жүйесінің сынақ нұсқасын шығаруды тапсырды. Әзірге қонақ үйлерден басталатын бұл бастама болашақта барша елімізге тарамақ», - делінген ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің хабарламасында.

Осыған орай ҚР Статистика агенттігі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Алматы қалалық әкімдігімен бірлесіп туризм статистикасын халықаралық тәжірибелерді енгізу арқылы жетілдіруі керек.

Сонымен қатар, ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, Қазақстанда визалық миграциялық порталдың қанатқақты жобасы дайындалды. Ол өз кезегінде электронды үкіметпен байланыстырмақ. Оның көмегімен электронды қол қойылған құжаты бар азаматтар қонаққа келген шетелдіктерді тіркей алады. Ол үшін бар болғаны электронды үкімет сайтына еніп, өз ЖСН-ы мен шетелдік мағлұматтарын жазу керек.

Айта кету керек, 48 елдің азаматтарына виза Қазақстандық тараптың шақыруынсыз олардың жеке өтініші арқылы беріледі. Тіркеу шекарадан өту барысында жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек Туризм кеңесі отырысында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев ҚР СІМ-нің шет елдіктер үшін виза режимін жеңілдетіп жатқанын мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар