• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясының магистранты А.Жанғабылова: Ғылыми экономика құру – ел дамуының басты бағыты

Мемлекеттік басқару академиясының магистранты А.Жанғабылова: Ғылыми экономика құру – ел дамуының басты бағыты

8 Ақпан, 2014 10:30
Ғылыми экономика құру – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы міндеттемелердің басым бағыты, дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Аяжан Жанғабылова.

«Халықтың жоғарғы өмір сүру деңгейі, жеке бастамалар мен кәсіпкерлікті қолдайтын тиімді мемлекеттік және жеке меншік институттар, тұрақты түрде инновацияға талпыну секілді мүмкіндіктерді тек ғылымды қажет ететін экономика ғана бере алады. Мұны басқа сөзбен «ғылым экономикасы», «инновациялық экономика» деуге болады. Айта кетейік, қазіргі заманда ең дамыған деген елдердің экономикасы ғылыми болып табылады. Біздің де осы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін 2050 жылға дейін өсу қарқынымызды бәсеңдетпеуіміз керек», - дейді жас ғалым.

Оның айтуынша, ғылыми экономиканы құрудағы дамыған елдердің тәжірибесі көпжылдық сынақтардан кейін және тиімді институциялық ортада және адам капиталының дамуына негізделген дамыған инновация арқылы жиналады.

«Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін ескерсек, біздің елімізде әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену мүмкіндігі бар екені рас. Осы орайда Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті қатарына ену Тұжырымдамасы дайындалып, мақұлданды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тарапынан Жолдауда бірқатар нақты тапсырмалар қойылды. Сол арқылы Президент біздің әрқайсымызға мемлекет пен халықтың бірлесіп қызмет қылуына үлес қосу үшін тапсырма қойды. Ол 2050 Стратегиясының  мүддесінен шыға алу керектігін шегелей тапсырды», - дейді академия магистранты. 

Барлық жаңалықтар