• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сұлтанов Статистика агенттігіне ҚАЗСТАТ жобасы аясында мемлекеттік органдармен жұмысты күшейтуді тапсырды

Б.Сұлтанов Статистика агенттігіне ҚАЗСТАТ жобасы аясында мемлекеттік органдармен жұмысты күшейтуді тапсырды

7 Ақпан, 2014 17:26
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов ҚР Статистика агенттігінің кеңейтілген отырысында 2014 жылы агенттікке ҚАЗСТАТ жобасы аясында мемлекеттік органдармен жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Жасыратыны жоқ, мемлекеттік органдарға нақты әдістемесіз еліміздің  әлеуметтік - экономикалық жағдайына баға беру өте қиын. Бұл мәселеде халықаралық тәжірибенің ролі зор. Ол статистикалық мәліметтердің сапасын арттыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді», - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жоспарды бекіту бойынша жұмыс жүріп жатыр, ал оны жүзеге асыру бойынша ешқандай кедергі жоқ.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мүдделі мемлекеттік органдарды тарту арқылы жұмысты белсенді жүргізу керек екенін тілге тиек етті.

«Осыған байланысты Агенттікке ағымдағы жылы ҚАЗСТАТ жобасы аясында мемлекеттік органдармен жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деді вице-премьер.

Естеріңізге сала кетейік, ҚАЗСТАТ - бұл еліміздің статистика саласындағы әлеуетін халықаралық әдістемемен тәжірибеге сүйене отырып көтеруге бағытталған. 

Барлық жаңалықтар