• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Алматыда өтетін Қысқы универсиадаға дайындық жоспарымен бөлісті

ҚР Президенті Алматыда өтетін Қысқы универсиадаға дайындық жоспарымен бөлісті

7 Ақпан, 2014 17:17
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия» телеканалының журналисі Сергей Брилевке сұхбат беру барысында Алматыда өтетін Қысқы универсиадаға дайындық жоспарымен бөлісті.

 Ақордада хабарлағандай, Қазақстанның олимпиадалық комитетінің қонақүйінде өткен әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі қысқы Олимпиадаға дайындық кезінде орасан жұмыс жүргізілгенін, соның арқасында қала мүлде жаңарып, жоғары деңгейдегі курорттық аймаққа айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ үлкен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, соның ішінде Қазақстан елордасын салу да әрдайым бірқатар сынға ұшырайтынын, бірақ нәтижесінде осының бәрі қарапайым азаматтар үшін қолайлылық пен жайлылықты арттыруға әкелетінін айтты.

Қазақстан Президенті Алматыда қысқы Универсиаданы өткізу дайындығының жоспарлары мен 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтінімді даярлау барысы жайында ой бөлісті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге қысқы Олимпиадалық ойындарды табысты өткізуді тілей келе, бұл кезеңде әлемдегі кикілжіңдер мен шиеленістер деңгейі едәуір бәсеңдейді деген үмітін жеткізді.    

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар