- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының спортшыларымен кездесті
Н. Назарбаев Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының спортшыларымен кездесті
Ақордада хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитетінің қонақүйінде өткен кездесу барысында Сочидегі Олимпиада ойындардың өту тарихында республикамызға географиялық жағынан ең жақыны екеніне тоқталды. Олимпиадалық құраманың мүшелеріне үн қата отырып, Қазақстан Президенті спорттың біріктіруші күшін атап өтті.
«Сіздердің әрқайсыңыздың олимпиадалық лицензияны жеңіп алуыңыздың өзі спорттық карьерадағы үлкен жетістік. Лондон Олимпиадасынан кейін біз спорттық жетістіктер деңгейін жоғары көтердік, мен енді сіздерге жаңа жеңістер тілеймін. Бүгінде мемлекет сіздердің халықаралық аренада зор жетістіктерге жетулеріңіз үшін барлық жағдайды жасап отыр. Менің тапсырмам бойынша барлық қажетті қаражат бөлініп, спорт ғимараттары салынды, сіздермен ең үздік отандық және шетелдік бапкерлер жұмыс істейді. Өз басым сіздерді әрдайым қолдаймын әрі жетістіктеріңізді қадағалап отырамын», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев газеттер мен телевидениенің арқасында қазақстандықтар олимпиадашылардың әрқайсысын білетінін және оларға бүкіл еліміз нағыз жанкүйер болатынын айтты.
«Жанкүйерлер бірінші рет Олимпиаданы жаңадан ашылған «ҚазСпорт» арнасынан көреді. Сіздер үшін миллиондаған отандасымыз жанкүйер болады және сіздерден жоғары нәтижелер күтеді. Біз Сочидегі басты мәреге олимпиадашылар мен жаттықтырушылар – барлығы жақсы дайындалғанын білеміз», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге Алматының кандидатурасы ұсынылғанын, елімізде заманауи спорттық инфрақұрылымдар мен жарыстарды ең жоғары деңгейде өткізу тәжірибелері бар екенін атап көрсетті.
Кездесу барысында олимпиадалық команда мүшелері ұдайы назар аударып, қолдайтыны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдірді, сондай-ақ естелік кәдесый тапсырды.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті спортшыларға денсаулық, жауынгерлік рух және олимпиадалық жеңістер тіледі.
Мемлекет басшысы сондай-ақ қонақүйдегі кездесу барысында «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтың Астанада дүниежүзілік көрмені өткізу жоспарлары туралы және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге Алматы қаласы тапсырысының дайындық барысы жайлы есептерін тыңдады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады