• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ауылдық округ әкімдері шаруашылық есепті басқаруды қағаз түрінен электрондық түрге көшіреді - Статагенттік

Ауылдық округ әкімдері шаруашылық есепті басқаруды қағаз түрінен электрондық түрге көшіреді - Статагенттік

7 Ақпан, 2014 17:08
Ауылдық округ әкімдері шаруашылық есепті басқаруды қағаз түрінен электронды түріне көшіреді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен Статистика агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Ауылдық округ әкімдері шаруашылық есепті басқаруды қағаз түрінен электронды түріне көшіреді. Бұл өткен жылы Үкімет пен Мәжіліс Парламентінің қолдауына ие болған ауыл шаруашылық және ауылдық статистика сапасын арттыруға бағытталған агенттіктің өзіндік бастамасы болды»,- деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, агенттік тарапынан ауылдық округ әкімдеріне арналған бірыңғай бағдарламалық қамту дайындалған.

Сонымен қатар, өткен жылы үш өңірде бағдарламалық қамтудың қанатқақты жобасы сынақтан өткізілді. Соның есебінен бағдарлама жетілдіріліп, ауылдық округ әкімдері мен аудандық статистика басқармасына семинарлар өткізілді.

«2014 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, үй шаруашылығы бойынша 97 пайыз таспа жазылған. Ал шаруа қожалық пен фермерлік шаруашылық бойынша 94 пайызы жазылған. Жұмыстар жақын арада тәмамдалады деп күтілуде. Қазіргі таңда біздің бағдарламалық қамту ауылдық әкімдіктердің компьютерлеріне орнатылды», - дейді ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

Барлық жаңалықтар