• Басты
  • Жаңалықтар
  • 21 мемлекеттік органның 13-і статистикалық мәліметтерді жинау әдістемесін бекітті - Ә.Смайылов

21 мемлекеттік органның 13-і статистикалық мәліметтерді жинау әдістемесін бекітті - Ә.Смайылов

7 Ақпан, 2014 17:00
Қазіргі таңда мемлекеттік 21 органның 13-і статистикалық мәліметтерді жинау әдістемесін бекітті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сұлтановтың қатысуымен өткен ҚР Статистика агенттігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Әлихан Смайылов хабарлады.

«Агенттік «е-Статистика» ақпараттық жүйесін өзге ведомстволардың ақпараттық жүйесімен біріктіру мақсатында 2014-2017 жылдарға арналған «Жол картасы-2020» бағдарламасын жасап шықты. Жол картасы статистикалық мәліметтерді және әкімшілік мәліметтерді мемлекеттік органдардан қабылдауды автоматтандыруға және біріктірілген жүйенің сапасын арттыруға бағытталған», - деді Ә. Смайылов.

Оның ойынша, мәлімет алмасу сәйкессіздіктерді анықтауға және мәліметтер базасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жол картасы соңғы 4 жылда 15 ақпарттық жүйені және 8 мемлекеттік органдарды біріктіруді қарастырады. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар  статистикалық мәліметтерді жасақтау алгоритімінің әдістемесі жасап, агенттіктің қарауына оларды жіберуде. Біздің байқағанымыз, мемлекеттік органдардың 90% статистикалық мәліметтерді жасақтау алгоритімінің әдістемесі мүлдем жоқ»,- деп ол өз ойын толықтырды.

«Енді мемлекеттік органдар өздері жасаған әдістемені жеке сайттарына орналастыруы керек, деп ол атап өтті.

«Бүгінде ҮБК құжаттарының орындалуын  21 қадағалайды. Ал, 13 мемлекеттік орган статистикалық мәліметтерді жинау әдістемесін бекітті. Қалғандарымен әдістеме жұмыс кестесі аясында қаралуда», - деді ол.

Барлық жаңалықтар