• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысы 50 млрд теңгелік меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысы 50 млрд теңгелік меморандумға қол қойды

7 Ақпан, 2014 16:45
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысы 50 млрд теңгелік меморандумға қол қойды.

Ең басты меморандум әріптестіктің төрт бағыты: ҮИИД МБ жобаларын іске асыру, инновациялық және ғылыми қызметтерді дамыту, шағын және орта кәсіпкерліктерді қолдау, тұрғын үй құрылысы айқындалған  «Бәйтерек» Холдингі мен облыс әкімдігі арасында түзілді. Бұл жайлы ШҚО әкімдігі хабарлайды.

Меморандумға қосымша ретінде инвестициялық жоба тізімдері құрылды. Олар холдингке мемлекттік қолдау аясында қаржыландыру мүмкіндіктерінің пәні ретінде қарауға ұсынылды. Аталмыш жобалардың жалпы құны 383 млрд теңге.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаевтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы республикада инновациялық даму көрсеткіші бойынша 4 орынды иеленген.

«Шығыс Қазақстан облысына деген қызығушылық жоғары. Мұнда тұрақты экономикалық өсім қарқыны жоғары, өндіруші өнеркәсіптің үлесі де төмен емес, сонымен қатар инновациялық әлеует те жоғары. Біздің даму институт ҮИИД МБ-ның іске асырылуына айрықша мән береді. Сондағы көз жеткізгеніміз, біздің қаржылық институты қызметінің тұтынушыларының басым бөлігі осы аймақта», - деді Қ.Бішімбаев.

Сонымен қатар, облыс кәсіпкерліктері мен холдинг ұйымдары арасында 10 келісім мен меморандум түзілді. Аталмыш құжаттар тұрғын үй құрылысы мен Индустрияландыру картасының ірі жобаларын іске асыру жұмыстарының негізі болмақ.

Барлық жаңалықтар