Ақмола облысында кезекте тұрғандар үшін 3 жаңа баспана салынады

7 Ақпан, 2014 16:25
Ақмола облысының Есіл ауданында «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарлама аясында осы жылы 3 баспана салынады: 73 пәтерлі тұрғын үй аудан орталығында және 2 пәтерлік тұрғын үй Қалаш ауылында тұрғызылады.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, мемлекеттік тұрғын үй қорының пәтерлері  жас отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында таратылады.

2012-2013 жылдар аралығында Есіл қаласында екі көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі. Оның жалпы алаңы 4487 шаршы метрді құрайды. Қоныс тойын 99 отбасы тойлады, оның 74-і Красногорский ауылынан көшірілді, тағы 4 пәтер медицина қызметкерлері мен жетім балаларға бөлінді.

Жеке баспанаға 2,2 мың шаршы метр қарастырылған: 11 бірпәтерлі, 2 екіпәтерлі тұрғын үй.

Бүгінгі таңда зәру болып отырғандар тізімінде 503 есілдік тұр.

 

 
 

Барлық жаңалықтар