• Басты
  • Қазақстанда 200 балабақшада эксперименттік түрде өзге тілдер оқытыла бастайды - ҚР БҒМ
30 Тамыз, 2013 00:00

Қазақстанда 200 балабақшада эксперименттік түрде өзге тілдер оқытыла бастайды - ҚР БҒМ

Биыл мектеп жасына дейінгі балаларға білім беретін 1293 ұйым құру қолға алынды.
Қазақстанда 200 балабақшада эксперименттік түрде өзге тілдер оқытыла бастайды - ҚР БҒМ

Бұл туралы бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиында  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты.

Өз сөзінде Е.Сүлейменов Мемлекет басшысы Жолдауында мектеп жасына дейінгі балаларды біліммен және тәрбиемен 100 пайыз қамту міндетін жүктегендігін, ол үшін «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін ұзартылғандығын еске салды.

«2013 жылы 1293 мектепке дейінгі ұйым құруды бастау қолға алынады. Бұл 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды білім берумен, тәрбиемен 74 пайызға қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 200 балабақша мен шағын орталық іріктеп алынды. Олар тілдерді ерте бастан оқытудың эксперименттік алаңына айналады», - деді Е.Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, елімізде жүргізіліп отырған білім және ғылым саласындағы салиқалы саясаттардың бірі - көптілді меңгеру.  «Қазір орта және мектепке дейінгі білім беру жүйесіне осы саясат енгізілуде. Бүгінде балабақшаларда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тәрбие беру жұмыстары қолға алынған», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды