2014 жылы респонденттерге есеп беру қысымы 12%-ға азайды – А.Смайылов

7 Ақпан, 2014 16:06
Статистикалық формаларды қайта қарау нәтижесінде 2014 жылы респонденттерге есеп беру салмағы 12% азайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен Статистика агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Өткен жылы республиканың ұлттық статистика жүйесін жетілдіру бойынша Дүниежүзілік Банкпен бірлескен ҚАЗСТАТ жобасын іске асырудың кең көлемді жұмысы басталған. Нәтижесінде 2013 жылы жобаны іске асыру аясында жобаның алты компоненті бойынша 89 шара ұйымдастырылды», - дейді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, есеп пен есеп беру формасы, тиісті әдістемесін қайта қарау бойынша агенттік біршама жұмыстар атқарған.

«2014 жылға статистикалық формаларды қайта қарау нәтижесінде респонденттерге есеп беру салмағы 12% азайды. Биылғы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, агенттікке әкімшілік мәліметтерді жинау үшін мемлекттік органдар тарапынан 2091 форма енгізілді. Солардың ішінде 2421 мақұлданып, барлық форманың 25 пайызын құрайтын 520-сы қысқартылып, енді 150-і келісімді алу бойынша қаралып жатыр», - дейді.

2013 жылы агенттік тарапынан жинау, қайта өңдеу мен статистикалық мағлұматтарды таратуды автоматтандырудың жаңа деңгейін қамтамасыз ететін «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі дайындалды.

Агенттік төрағасының айтуынша, осылармен қоса 8 жаңа ақпараттық жүйені дайындау бойынша жұмыстар атқарылды.

Барлық жаңалықтар