• Басты
  • Жаңалықтар
  • Назарбаев Университетінің студенті М.Меңдібаев: Кез келген елде ең бастысы халықтың бірлігі

Назарбаев Университетінің студенті М.Меңдібаев: Кез келген елде ең бастысы халықтың бірлігі

7 Ақпан, 2014 15:31
Кез келген елде ең бастысы халықтың бірлігі, дейді Назарбаев Университеті Инженерлік мектептің 3 курс студенті, НУ студенттік үкіметінің президенті Мирас Меңдібаев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

«Менің ойымша, кез келген елде ең бастысы халықтың бірлігі, бөлінушіліктің болмауы. Біздің Қазақстанымыз біртұтас, бұл ең бастысы», - дейді студент.

Оның айтуынша, бүгінгі жастар, соның ішінде Назарбаев Университеті студенттері еліміздің келешегі.

«Қазіргі студенттер, ертеңгі  маман ретінде, еліміздің бетке ұстар азаматтары ретінде біздің бүгінгі жеткен жетістігімізді еселей көбейту жолында аянбай еңбек етуіміз керек», - дейді М.Меңдібаев Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жайлы өз ойымен бөлісе отырып.

«Қазір технологияның дамыған заманы, индустрия қарыштап дамуда, осы орайда студенттер де білім алу арқылы өз өздерін дамыта алады. Олардың жақсы  маман болып шығатынына менің сенімім кәміл. Мәселе олардың жұмыс істеуінде. Бастысы біздің азаматтарымыздың Қазақстан патриоты болуында. Елімізде жұмыс істеп, халыққа пайдалы болулары керек», - дейді НУ студенті.

 

Барлық жаңалықтар