- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы «Самұрық-Қазына» университеті дуалды білім беру бойынша 20 кәсіби стандартты дайындайды
2014 жылы «Самұрық-Қазына» университеті дуалды білім беру бойынша 20 кәсіби стандартты дайындайды
«Биыл Президент Жолдауында елімізде дуалды білім беру жүйесін дамыту керектігі айтылды. Осыған орай «Самұрық-Қазына» қоры біздің дуалды оқыту жүйеміздің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы жолында жұмыстар атқаруда. 2012 жылдан бастап дуалды оқыту жүйесімен бәрінен бұрын «Самұрық-Қазына» корпоративті университетінің айналысуы туралы тікелей тапсырма берілді», - дейді Ш.Ержігітова.
Оның айтуынша, бүгінде корпоративті университет тарапынан сұранысқа ие 26 мамандық бойынша әдістемелер дайындалды. Оған 9 ұлттық компания мен 33 колледж белсенді ат салысуда.
«Қаңтар айы соңында Павлодар мұнай-химия зауытында аталмыш дуалды жүйенің қаншалықты сәтті жүзеге асырылып жатқаны жайлы айтылды. Біздің басты міндетіміз – барлық компанияда бағдарламалар санын арттыру. Бүгінде теорияның 40%-ы оқу орындарының өздерінде өткізілсе, 60%-ы жұмыс орындарында өткізіледі. Бұл оқу барысын тәжірибемен ұштастырып, белгілі бір қабілеттерді игеруге жол ашады. Биыл қор заңгер, экономист, бухгалтер сынды әкімшілік-басқару кәсіптеріне кәсіби 20 стандарт жасауды тапсырды», - дейді университет директоры.
Естеріңізге сала кетейік, Президент өз Жолдауында кадрлық саясатты жұмыстың басым бағыты ретінде атап, соның ішінде ұлттық компаниялар үшін маңызды екенін ескерткен. Ш.Ержігітовтың айтуынша, ол меритократия ұстанымы бойынша құрылуы керек.
«Маман жеткілікті деңгейде біліктілікке ие және қажетті тәжірибені игере отырып лауазымдық баспалдақпен жоғары өрлеуі керек біздің Елбасымыз секілді. Жоғары кәсіби маман болу, инженерлік-техникалық жұмыскер болу арқылы топ-менеджер деңгейіне дейін жету керек», - деді Ш.Ержігітова.
Естеріңізде болса, корпоративті университет 2004 жылы «КМГ» компаниялар тобының Бірыңғай жұмыскерлерді дамыту орталығы ретінде құрылып, 2009 жылдың 12 қарашасында «Самұрық-Қазына» жанынан қайта құрылған. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің саны шамамен 350 мың адам. Басты стратегиялық мақсат – біліммен бірыңғай басқару жүйесін құру, «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобында көшбасшылық пен дарындарды жетілдіру.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда