- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдауды жүзеге асыру аясында Қаржы полициясы ҰКП-мен ынтымақтастықты нығайтты - А.Боданов
Жолдауды жүзеге асыру аясында Қаржы полициясы ҰКП-мен ынтымақтастықты нығайтты - А.Боданов
«Биылғы Жолдаудың ерекшелігі - ол әлемнің 30 дамыған еліне кіруді көздейтін және алдағы уақытта атқаратын ұзақмерзімді басымдықтар көрсетілген құжатты ұсынып отыр. Оның ішінде Қазақстанның индустриалды және әлеуметтік жаңарудың басты құралы - шағын және орта бизнесті дамыту шараларын атап өтуге болады. Бұл ретте Елбасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сенім білдіруде», - деп А. Боданов атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) ҰКП арасында тығыз байланыс орнатылған.
Сонымен, 30 қаңтарда Агенттік ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы Меморандумға қол қойды.
«Меморандум бизнесті дамыту бойынша қолайлы жағдай жасау, оның заңсыз тексерілуіне тосқауыл қою, жүйелік проблемаларды анықтау сынды бірқатар келелі істерді бірге атқаруды көздейді», - деп А. Боданов баса айтты.
Келісім аясында жұмысшы кездесулер мен ортақ жобаларды жасау, кеңесші органдарды құру жоспарлануда
А. Бодановтың берген мәліметі бойынша, тиімділікті арттыру мақсатында осы тектес Меморандумдарға аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік палаталар отырады.
«Меморандумға отыру шағын және орта бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді, яғни, Мемлекет басшысының халыққа жолдауында көрсетілген міндеттері орындалады», - деп Агенттік төрағасының орынбасары өз ойын қорытындылады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын