• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ТМКҚ ҚР-дағы биржалық сауданы ынталандыру шараларын талқылады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ТМКҚ ҚР-дағы биржалық сауданы ынталандыру шараларын талқылады

7 Ақпан, 2014 11:52
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы Кен рудасы және металлургия өнеркәсібі комитеті алаңында биржалық сауданы ынталандыру шаралары талқыланды.

«Шараға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Тау-кен өндіруші және кен-металлургия кәсіпкерлік қауымдастығы жетекшілері, сонымен қатар өзге де салалық қауымдастық пен кәсіпкерлік өкілдері қатысты», - делінген ТМКҚ хабарламасында.

Кездесуге қатысушылар биржалық сауданың ашық алаңда құнды бекітуге мүмкіндік беретіні жайлы пікірлер ортақ арнада түйісті. Олардың айтуынша, отандық тауар биржасының биржалық тізіміне шикізаттық және метал ресурстарын  енгізу туралы ортақ тоқтамға келмеді.

«Біз тізімді шикізатпен және металмен кеңейтуге қарсымыз. Бұл сатудың қалыптасқан механизмін бұзуы мүмкін және әлемдік нарықта сатып алушылардан айырылып қалуымыз мүмкін. Мәжбүрлеу жолы арқылы емес, ынталандыру арқылы жұмыс істеу керек», - дейді ТМКҚ атқарушы директоры Н.Радостовец.

Атқарушы директордыың айтуынша, тізімді метал арқылы кеңейту Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырмайды, керісінше бұдан қазақстандық биржа лондон метал биржасының баламасы бола алмайды.

Барлық жаңалықтар