- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде «Өзіңе және әлемге Шығысты аш» халықаралық туристік көрмесі өтеді
Өскеменде «Өзіңе және әлемге Шығысты аш» халықаралық туристік көрмесі өтеді
Көрмеде Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту келешегі мен проблемалары талқыланады, деп ҚР ИЖТМ Туризмді индустрияландыру комитетінен хабарлады.
Көрменің іскерлік бөлімінде туризмнің кәсіби мамандары Шығыс Қазақстан өңірінің бұл сала бойынша не ұсына алатыны, мүмкіндігі сараланады. Сонымен қатар, көрмеде туристік азық-түліктер экспонаттары қойылса, Шығыс Қазақстанның туристік аймақтарына жолдамалар төмен бағамен сатылады.
«Өзіңе және әлемге Шығысты аш» халықаралық көрмесі бұдан былай жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда. Ол Қазақстан, Ресей, ҚХР, Корея, Моңголия мен Славакияның туристік және жарнамалық компаниялардың, қонақ үй бизнесінің өкілдерінің басын қосады. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанға еліміздің барлық аймақтарынан әкімдіктің және туристік ұйымдардың өкілдері қатысады.
Іскерлік бөлімде ішкі туризмнің сұрақтары бойынша пікірталас өткізіледі. Сонымен қатар, көрме аясында бірқатар халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.
ҚР ИЖТМ Туризмді индустрияландыру комитетінің төрағасы Марат Иғалиев атап өткендей, мұндай көрмелер еліміздің түрлі аймақтарында өткізілетін болады. Олардың мақсаты ішкі туризмді дамыту және ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалу.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы