• Басты
  • Жаңалықтар
  • Орал қаласында тұңғыш рет мектепке дейінгі ұйым жетекшілеріне семинар өтті

Орал қаласында тұңғыш рет мектепке дейінгі ұйым жетекшілеріне семинар өтті

7 Ақпан, 2014 11:13
Орал қаласының мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілері мен методистері «Мектепке дейінгі жетекшілерге арналған оқыту апталығы» атты семинарға қатысты.

«Семинар барысында мемлекеттік стандартты жаңғырту, жаңа педагогикалық технологиялар, мектепке дейінгі білім беру жүйесі сынды сұрақтар қаралды», - деп Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде хабарлады.

Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілер бойынша  дәрістер  өткізілді.Жеке меншік балабақшалардың жетекшілері үшін де семинар ұйымдастырылды.

«Семинардың басты мақсаты – методологиялық көмекті күшейту, оқыту-тәрбиелеу үрдісін жүзеге асырып, ашық жеке меншік балабақшаларға түсіндірме  беру сынды мәселелер талқыға салынды», - деп әкімдікте хабарлады.

Семинар барысында гендерлік тәрбие беру сұрақтары талқыланып, шаралар назарға ұсынылды. Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары «Балаларға арналған йога» және басқа шаралар өткізілді. 

Барлық жаңалықтар