• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТЖМ кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік ережесін бекітетін 26 нормативтік-құқықтық акт дайындады

ТЖМ кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік ережесін бекітетін 26 нормативтік-құқықтық акт дайындады

7 Ақпан, 2014 10:45
Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік ережесін бекітетін 26 нормативтік-құқықтық акт дайындады, дейді Төтенше жағдайларды бақылау және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Бапы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

«Біз кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік ережесінің бір бөлігінің нормативтік құқықтарын қарап жатырмыз. Қазір біздің қолымызда Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен нақтылайтын 26 нормативтік-құқықтық акт  бар», - дейді Д.Бапы.

Оның айтуынша, соңғы кездері кәсіпкерлікті тексеріс жұмыстары қысқарған.

«Егер өткен жылы болымсыз қауіпсіздік деңгейі нысандарына тексерістерді 4 есеге дейін төмендетсек, биыл біз оларды мүлдем алып тастадық», - дейді комитет төрағасының орынбасары.

ТЖМ өкілінің айтуынша, аталмыш шаралар бір жағынан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталып, екінші жағынан олардың қауіпсіздік шараларына жауапкершіліктерін арттырмақ.

Барлық жаңалықтар