- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігі мен Алматы әкімдігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы келісті
Қорғаныс министрлігі мен Алматы әкімдігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы келісті
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, аталмыш меморандумға қолды ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрии Ильин қойды.
«Елбасы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттық патриотизм мәселесіне арнайы тоқталып, жастарға патриоттық тәрбие беруге айырықша назар аударғандығы белгілі», - деді С. Жасұзақов.
Маңызды шара барысында Меморандумға қол қоюшы тараптар бұл істі жүзеге асыруда жергілікті басқару органдарына, жастар ұйымдары мен білім беру саласының қызметкерлеріне, мектептердегі алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдеріне, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың оқытушыларына, әскери-патриоттық клубтар жетекшілеріне зор сенім артылып отырғандығын атап өтті.
Бұдан кейін генерал-полковник С. Жасұзақов ҚР ҚМ Әскери техникалық мектебінің бастығы полковник Мирас Жылгелдиновке мектептің жеке туын табыс етіп, жеке құрамды осы оқу орнының базасында құрылған әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы жұмысының басталуымен құттықтады.
Сонымен, еліміздің облыс орталықтарында жұмыс істеп тұрған әскери-патриоттық тәрбие беру орталықтарының саны тағы біреуге артып отыр.
Ол Алматы қаласының жастарын әскери-патриоттық тәрбиемен сусындатып, жасөспірімдерді Отансүйгіштікке, ел қорғауға тәрбиелейтін болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді